Өрлеу

КЕНТАУДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТЫНДА КУРС ӨТІП ЖАТЫР

КЕНТАУДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТЫНДА КУРС ӨТІП ЖАТЫР
27 қазан мен 6 қараша аралығында Түркістан облысы, Кентау қаласында орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Инклюзивті білім беруді іске асыратын педагогтердің базалық құзыреттерін қалыптастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілуде. Онда жиырмадан астам педагог инклюзивті білім беру бағытындағы кәсіби білімдері мен тәжірибелерін жетілдіруде.
Курс жетекшісі – Салтанат Әлімбетова. 

Курстың мақсаты – педагогтердің инклюзивті тәсілдерді, бейімделген әдістемелер мен заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану бойынша кәсіби құзыреттерін дамыту, барлық білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқу үдерісіне толыққанды қатысуына, табысты білім алуына және әлеуметтік ортаға кірігуіне жағдай жасау.

Курс барысында тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға бағытталған жұмыстар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, бейімделген және жеке оқу бағдарламаларын әзірлеу, жеке даму картасын құрастыру жобаларының таныстырылымдары өткізіліп, білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үдерісін ұйымдастыру жолдары қарастырылуда.

Сонымен қатар, «Білім беру кеңістігінде ЖИ-ді қолданудың этикалық мәселелері» тақырыбында сабақ өтіп, қатысушылар жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісінде тиімді пайдалану, этикалық қағидаларды сақтау, білім алушылардың дербес деректерін қорғау және академиялық адалдықты нығайту мәселелерін талқылады.

Аталған курс педагогтердің кәсіби және цифрлық құзыреттерін дамытуға, инклюзивті білім беру мәдениетін қалыптастыруға және әрбір білім алушыға сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасауға бағытталған.

Инклюзивті білім беру – әр баланың ерекшелігін құрметтеу, мүмкіндігін қолдау және табысты дамуына жағдай жасау!
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

КЕНТАУДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТЫНДА КУРС ӨТІП ЖАТЫР — Өрлеу