Өрлеу

КЕНТАУДА БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА АРНАЛҒАН КУРС ӨТТІ

КЕНТАУДА БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА АРНАЛҒАН КУРС ӨТТІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен 27 қазан – 6 қараша аралығында Кентау қаласында орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Білім беру процесінде біртұтас тәрбие құндылықтарын іске асыру» тақырыбында 80 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Курс жетекшісі және тренері –  Эльмира Азамат.

 

Курстың негізгі мақсаты – педагогтердің біртұтас тәрбие құндылықтарын білім беру процесіне тиімді кіріктіру бойынша кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, оқыту мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету және құндылыққа бағдарланған сабақтарды жобалау дағдыларын жетілдіру.

 

Курс барысында педагогтер «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы мен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының өзара байланысын зерделеп, алты негізгі құндылықты оқу пәндерінің мазмұнына кіріктірудің тиімді әдіс-тәсілдерін қарастырды:

 

✅ Тәуелсіздік және отаншылдық;

✅ Бірлік және ынтымақ;

✅ Әділдік және жауапкершілік;

✅ Заң және тәртіп;

✅ Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік;

✅ Жасампаздық және жаңашылдық.

 

Оқыту барысында тыңдаушылар практикалық кейстерді талдап, топтық жұмыстар мен пікірталастарға қатысып, құндылықтарды оқу мақсаттарымен, сабақ мазмұнымен және күтілетін нәтижелермен байланыстыру жолдарын меңгерді. Сонымен қатар, педагогтер ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына сәйкес қысқа мерзімді сабақ жоспарларына тәрбиелік құндылықтарды кіріктіру, сабақ фрагменттерін әзірлеу, цифрлық қауіпсіздік пен жасанды интеллектіні қолдану этикасы бағыттарында тәжірибелік жұмыстар орындады.

 

Біртұтас тәрбие – жеке пәннің немесе тәрбие сағатының ғана міндеті емес, ол әр сабақтың мазмұны мен білім беру процесінің ажырамас бөлігі.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

КЕНТАУДА БІРТҰТАС ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА АРНАЛҒАН КУРС ӨТТІ — Өрлеу