ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ КУРСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жоба аясында 2026 жылы «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары жалғасуда.
Жоба педагогтердің қаржылық білімін жетілдіруге, жеке қаражатты тиімді басқару дағдыларын қалыптастыруға және қаржылық шешімдерді сауатты қабылдау құзыреттерін дамытуға бағытталған.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аталған бағдарлама бойынша 200 педагог білім алып, курсты сәтті аяқтаған. Ал екінші жартыжылдықта қосымша 188 педагогті оқыту жоспарланған. Осыған орай, қазан және қараша айларында курстар кезең-кезеңімен ұйымдастырылуда.
Оқыту барысында тыңдаушылар қаржыны басқарудың негізгі қағидаттарын, қаржылық мінез-құлық психологиясын, отбасылық бюджетті қалыптастыру және шығындарды жоспарлау әдістерін меңгереді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мамандары инфляцияның жеке қаржыға әсері, инвестициялау, цифрлық активтер, несие және зейнетақы жүйесі, қаржылық алаяқтықтың алдын алу және жеке деректерді қорғау мәселелері бойынша дәрістер өткізеді.
2026 жылғы 19–23 қазан аралығында «Қаржылық сауаттылық негіздері» курстары Талдықорған және Текелі қалаларында ұйымдастырылуда.
Аталған бастама
педагогтердің қаржылық мәдениетін қалыптастыруға, күнделікті өмірде қаржылық
сауатты шешімдер қабылдауына және жинақтау мен қаражатты жоспарлау дағдыларын
дамытуға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

Жасанды интеллектті меңгеруден – өз шешімдерін әзірлеуге дейін
Қарағанды облысында информатика пәні мұғалімдеріне арналған курстар аяқталды

«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды
Бүгін «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының кезекті тобы басталды. Курс тренерлері – институттың аға оқытушылары Мырзаиым Сариева мен Роза Қабылбаева.

«Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы қорытындыланды
Бүгін «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы қорытындыланды. 16-20 қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтында тренерлердің шығармашылық әлеуетін ашу, педагогикалық идеялар мен авторлық бағдарламаларды анықтау мақсатында кәсіби даму апталығы өтті.