«ӨРЛЕУ» ИНСТИТУТЫНДА ТИІМДІ ТӘЛІМГЕРЛІК БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ ӨТТІ

23 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ БҚО бойынша Кәсіби даму институтында
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедра меңгерушісі, аға оқытушы Г.
Өтеғұлдың жетекшілігімен «Тиімді тәлімгерлік: модельдер, құралдар және
практикалық шешімдер» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы өтті.
Іс-шараның мақсаты – тәлімгерліктің тиімді модельдерін өңірлік білім
беру тәжірибесіне енгізу жолдарын айқындау, педагог-тәлімгерлердің кәсіби
құзыреттілігін жетілдіру, практикалық сүйемелдеу құралдарын талдау және өзара
тәжірибе алмасу.
Шеберлік сыныбы аясында жас педагогтерді кәсіби бейімдеу, олардың кәсіби
өсуін қолдау және тәлімгерлік жұмысты ұйымдастырудың тиімді тәсілдеріне
арналған баяндамалар ұсынылды.
Атап айтқанда, қатысушылар төмендегі тақырыптар бойынша тәжірибелерімен
бөлісті:
- «Жас
педагогті кәсіби бейімдеудің тиімді модельдері: тәжірибе, қолдау және
кәсіби даму»;
- «Бақылаудан
басталған тәжірибе: жас педагогтің кәсіби өсуіне жол ашу»;
- «Жас
педагогті кәсіби бейімдеудің тиімді модельдері: музыка мектебіндегі
тәлімгер мен жас маманның өзара әрекеттестігі»;
- «Тәлімгерлік
көрсету: Балалар музыка мектебіндегі тиімді модельдер мен тәжірибелік
жолдар»;
- «Баддинг
моделі негізінде жас дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби бейімделуін
сүйемелдеу».
Баяндамалар барысында білім беру ұйымдарындағы тәлімгерлік тәжірибесі,
жас мамандарды кәсіби ортаға бейімдеу жолдары, тәлімгер мен жас педагог
арасындағы өзара әрекеттестік және кәсіби қолдаудың практикалық тетіктері
қарастырылды.
Шеберлік сыныбы тәжірибе алмасуға, тиімді тәлімгерлік модельдерін
талқылауға және жас педагогтердің кәсіби қалыптасуын қолдауға бағытталған
мазмұнды кәсіби алаңға айналды.
Басқа жаңалықтар

Жасанды интеллектті меңгеруден – өз шешімдерін әзірлеуге дейін
Қарағанды облысында информатика пәні мұғалімдеріне арналған курстар аяқталды

«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды
Бүгін «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының кезекті тобы басталды. Курс тренерлері – институттың аға оқытушылары Мырзаиым Сариева мен Роза Қабылбаева.

«Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы қорытындыланды
Бүгін «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы қорытындыланды. 16-20 қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтында тренерлердің шығармашылық әлеуетін ашу, педагогикалық идеялар мен авторлық бағдарламаларды анықтау мақсатында кәсіби даму апталығы өтті.