Өрлеу

Жасанды интеллектке арналған облыстық семинар өтті

Жасанды интеллектке арналған облыстық семинар өтті

Бүгін «Сабақ жоспарлаудағы пәнаралық интеграция: Жасанды интеллект мүмкіндіктері мен тиімді әдістері» атты облыстық семинар өтті. Облыстық жиынға Төлеби, Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш, Түлкібас, Отырар, Ордабасы аудандары мен Түркістан, Кентау қалаларынан келген педагогтер қатысты.

Ашылу салтанатында институт директорының орынбасары Ақнұр Сейдалиева сөз сөйлеп, семинардың маңызы мен мақсатына тоқталды. Сондай-ақ қатысушыларға алғысын жеткізіп, жұмыстарына сәттілік тіледі. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен өткен семинардың мақсаты – педагогтердің сабақ жоспарлау үдерісінде пәнаралық тапсырмаларды әзірлеу, оқу мақсаттарымен сәйкестендіру және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану құзыреттерін жетілдіру.

Семинар жұмысы әрі қарай сексиялық жұмыстарға жалғасты. «Пәнаралық интеграция – тиімді сабақ жоспарлаудың әдістемелік негізі», «Жасанды интеллект – пәнаралық тапсырмаларды әзірлеудің инновациялық құралы», «Практикалық шеберхана: интеграциялық тапсырмаларды жобалау, бағалау және тәжірибеге енгізу» сынды үш бағытта қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті. География, тарих, математика, химия, орыс тілі және бастауыш сынып мұғалімдері ЖИ арқылы пәнаралық тапсырмалар әзірлеу, функционалдық сауаттылықты дамыту, зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру және PISA тапсырмалары арқылы оқыту бойынша баяндамалар жасады. Семинар соңында пікір алмасып, ұсыныстар қабылданды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Жасанды интеллектке арналған облыстық семинар өтті — Өрлеу