Өрлеу

ПАВЛОДАРДА МЕНТОРИНГ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

ПАВЛОДАРДА МЕНТОРИНГ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

   2026 жылғы 12 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институты филиалында «SCAFFOLD сабақты жоспарлау құралын енгізу арқылы білім берудегі көшбасшылықты дамыту және өзгерістерді басқару» жобасы аясында «Менторинг: мәні, ерекшеліктері және жүзеге асыру жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

   Интенсивті оқытуға Павлодар қаласындағы гимназиялық сыныптары бар № 39 инновациялық үлгідегі мектептің SCAFFOLD-тренерлері мен қосалқы тренерлері қатысты.

    Семинар барысында қатысушылар менторингтің негізгі қағидаттары мен ерекшеліктерімен танысып, SCAFFOLD құралын мектеп тәжірибесіне енгізу кезінде менторинг үдерісін тиімді ұйымдастырудың жолдарын меңгерді.

   Менторинг бойынша қалыптасқан дағдылар педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына тың серпін беріп, өзара тәжірибе алмасу мен көлденең оқыту мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ заманауи сабақтарды жобалау сапасын арттыруға ықпал етеді деп сенеміз.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ПАВЛОДАРДА МЕНТОРИНГ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ — Өрлеу