АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму
институтында өтіп жатқан «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы
жалғасуда.
Екінші күн «Инновациялық трендтер» тақырыбына аясында
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушыларымен бірге
шебер-сыныптар ұйымдастырылды.
Шебер-сыныпты алдымен институт директоры Нұржан Нұрлыбаев
ашып беріп, арнайы қонақтарды таныстырып, бүгінгі тәжірибе алмасудың маңызы зор
екенін атап өтті.
Шебер-сыныптар барысында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің
«Биология»кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор Ғани Исаұлы Исаев пен аға оқытушы Төлеу Мұратұлы
Кәрімжан ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша, гранттық қаржыландыру, жобамен жұмыс
жасау, авторлық куәліктер, патенттер алу бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Тренерлер жоғары оқу орны оқытушыларының тәжірибесімен
танысып, өз ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау, мақалалар әзірлеу, авторлық
әдістемелерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын ортаға салып, көкейде жүрген
сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты.
Жиын соңында институт директоры Нұржан Нұрлыбаев арнайы
шақыртуды қабыл алып, тәжірибесімен бөліскен Ғани Исаұлы мен Төлеу Мұратұлына
ұжым атынан алғысын білдірді.
Басқа жаңалықтар

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА БАҒЫТ: ТАТЬЯНА ХВАНМЕН КӘСІБИ КЕЗДЕСУ
Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыттау мәселелеріне арналған кәсіби кездесу өтті.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ: МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты мен «Zerdeli Group» ЖШС білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында Меморандумға қол қойды

«ЖАҢА ЖОБА - ЖАҢА МҮМКІНДІК»: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫ ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және аттестаттаудың жаңа талаптарын түсіндіру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша КДИ ұйымдастыруымен «Жаңа жоба – жаңа мүмкіндік» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.