ШАРДАРАДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТІП ЖАТЫР

27 қазан мен 6 қараша аралығында Түркістан облысы, Шардара ауданында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтуде. «New approaches to the implementation of the State compulsory standard for education: from goals to expected learning outcomes» – «Мақсаттан – нәтижеге!» тақырыбындағы курстың кураторы – Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедрасының аға оқытушысы Орынкүл Мухатова,
Курстың басты идеясы – жаңартылған білім беру стандартының талаптарын терең түсініп, сабақ мақсатын тек қағаз бетіне жазу емес, әр оқушының бойынан тілді меңгерудің нақты күтілетін нәтижесін көру. Курс барысында қарастырылып жатқан негізгі бағыттар:
🔹 Мақсаттан – нәтижеге: Сабақты жүйелі жоспарлау және нәтижелілігін бағалау критерийлері;
🔹 Критериалды бағалау: Қалыптастырушы бағалауды оқушының мотивациясын арттыратындай етіп ұйымдастыру;
🔹 Заманауи әдістер: UDL (оқытудың әмбебап дизайны), Case-study, «Шатасқан тапсырма», SMART технологиясы, 5E және 5C модельдері;
🔹 Цифрлық құралдар: Сабақ жоспарлауды жеңілдету үшін жасанды интеллект пен интерактивті платформаларды қолдану.Сабақтар топтық және жұптық жұмыстар, рефлексия және кері байланыс арқылы өтуде.
Бұл курс – мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беріп, оқыту сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам!
#Өрлеу #Түркістан #біліктіліктіарттыру #ағылшынтілі
Басқа жаңалықтар


«Шағын жинақты мектеп – біртұтас команда, тең мүмкіндік»
«Инклюзивті және арнайы білім беруде STEAM және жасанды интеллектіні интеграциялау» атты халықаралық конференцияның №2 секциясы Байзақ ауданындағы Сарыкемер мектеп-гимназиясында өтті.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған айтулы шарада бас қосып, «Өрлеумен» бірге жаңа кәсіби белестерді бағындырыңыз!