Өрлеу

№19 мектепте жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу бойынша семинар өтті

№19 мектепте жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу бойынша семинар өтті

Іс-шараның мақсаты – педагогтерге жасанды интеллект құралдарын сабақ сапасын арттыру, оқытуды дараландыру және оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту бағытында тиімді қолдану жолдарын көрсету.

Семинар барысында «Өрлеу» Алматы филиалының тренері Ыбышева Алмагүл Сейтжанқызы орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқырмандық сауаттылықты қалыптастыруда жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану тәсілдерін таныстырды.

Сонымен қатар пән мұғалімі Сайын Ботагөз өз тәжірибесімен бөлісіп, жасанды интеллект көмегімен оқытуды дараландырудың қолжетімді әдістерін ұсынды. Қатысушылар мәтінді талдау, оқушылардың жеке деңгейіне сәйкес тапсырмалар әзірлеу және оқу нәтижелерін жедел бағалау жолдарымен танысты.

Практикалық бөлімде қолданылатын цифрлық сервистер, дайын тапсырма үлгілері мен оларды сабақта пайдалану тәжірибесі көрсетілді.

Семинар қорытындысында педагогтер жаңа әдістемелік тәсілдерді меңгеріп, өзара тәжірибе алмасты. Кездесу мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыруға және жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне тиімді кіріктіруге бағытталды.

Білім сапасын арттыруға және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамытуға арналған мұндай тәжірибе алмасу кездесулері алдағы уақытта да жалғасын табады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар