Өрлеу

ЖЕТІСУ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК КӘСІБИ ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ ӨТУДЕ

ЖЕТІСУ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК КӘСІБИ ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ ӨТУДЕ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы облысы бойынша кәсіби даму филиалының Жетісу облысы өкілдігінің аға оқытушылары Айгүл Қазбекова мен Гүлнар Ергасенова Талдықорған қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдеріне арналған екі күндік оқыту семинарларын өткізуде.

Оқу іс-шаралары «Өрлеу» орталығының тренер-эксперті Наркен Бүркеновтің бақылауымен ұйымдастырылуда.

Семинарлардың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттерін жетілдіру, халықаралық білім беру стандарттарын оқу тәжірибесіне енгізу және заманауи оқыту әдістемелерін меңгерту.

Оқыту барысында қатысушылар әдістемелік құралдарды жетілдіру, сыныпты тиімді басқару, білім алушыларға нақты әрі түсінікті нұсқаулық беру, сондай-ақ оқытудың тиімді тәсілдерін қолдану бағыттары бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын дамытады.

Айта кету керек, пән мұғалімдеріне арналған тренерлерді кешенді даярлау бағдарламасы British Council Kazakhstan ұйымы мен Norwich Institute for Language Education (NILE) институтының бірлесуімен әзірленген. Бағдарлама Қазақстанда 2025 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді.

Аталған семинарлар педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға, озық халықаралық тәжірибені білім беру үдерісіне енгізуге және оқыту сапасын жетілдіруге бағытталған.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ЖЕТІСУ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК КӘСІБИ ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ ӨТУДЕ — Өрлеу