Өрлеу

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУ – БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУ – БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

23 қаңтар күні Жетісу облысының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектеп директорлары мен директорлардың оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Инновациялық басқару – білім беру сапасын арттырудың негізі» тақырыбында облыстық практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – білім беру ұйымдарындағы басқару жүйесін жетілдіруде инновациялық тәсілдерді қолдану арқылы білім сапасын арттырудың тиімді тетіктерін айқындау, тәжірибе алмасу және кәсіби шеберлікті дамыту.

Іс-шара аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының Жетісу облысы бойынша өкілдігінің басшысы Балшенова Алмагүл Жақановна «Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі әдістемелік қолдау» тақырыбында таныстырылым жасады.

Өз баяндамасында ол өңір педагогтеріне көрсетілетін курстан кейінгі әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарының негізгі бағыттары мен нәтижелеріне тоқталып, кәсіби дамуды жүйелі қолдаудың маңызын атап өтті.

Конференция филиалдың педагогтердің кәсіби дамуын қолдау бағытындағы тәжірибесін таныстыруға және білім беру сапасын арттырудағы әдістемелік сүйемелдеудің рөлін көрсетуге мүмкіндік берді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар