ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

2026 жылғы 5–16 қазан аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның «Жетісу облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 80 сағаттық білім беру бағдарламалары бойынша қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары өткізілді.
Курс бағдарламалары педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге, заманауи білім беру тәсілдерін меңгеруге және педагогикалық тәжірибелерін жетілдіруге бағытталды.
Оқу үдерісі барысында тыңдаушылар теориялық білімдерін толықтырып, практикалық тапсырмалар орындады, өзара тәжірибе алмасты және кәсіби қызметте қолдануға қажетті жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерді.
Курсты белгіленген талаптарға сәйкес сәтті аяқтаған педагогтерге сертификаттар табысталды.
Біліктілікті арттыру курстары педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытуға, білім беру үдерісінің сапасын арттыруға және заманауи педагогикалық тәжірибені кеңінен енгізуге мүмкіндік береді.
«Өрлеу» – педагогтердің кәсіби дамуына жол ашатын жаңа мүмкіндіктер алаңы!
Басқа жаңалықтар

Жасанды интеллектті меңгеруден – өз шешімдерін әзірлеуге дейін
Қарағанды облысында информатика пәні мұғалімдеріне арналған курстар аяқталды

«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды
Бүгін «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының кезекті тобы басталды. Курс тренерлері – институттың аға оқытушылары Мырзаиым Сариева мен Роза Қабылбаева.

«Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы қорытындыланды
Бүгін «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы қорытындыланды. 16-20 қараша аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтында тренерлердің шығармашылық әлеуетін ашу, педагогикалық идеялар мен авторлық бағдарламаларды анықтау мақсатында кәсіби даму апталығы өтті.