Өрлеу

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРДЫ ІЛГЕРІЛЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРДЫ ІЛГЕРІЛЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2026 жылғы 14 мамырда Талдықорған қаласындағы «Оқушылар сарайы» базасында Жетісу облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында ашық талқылау алаңы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Жетісу облысының білім беру ұйымдарында конституциялық қағидаттардың сақталу мәселелерін талқылау, білім сапасын арттыру және құқықтық сауаттылық мәдениетін қалыптастыру бағытында практикалық ұсыныстар әзірлеу.

Ашық талқылау алаңына мектепке дейінгі, орта, қосымша және техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақ бірлестігінің өкілдері, педагог-ардагерлер, мәслихат депутаттары, сондай-ақ педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қатысты.

Іс-шара аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалының өкілі «Педагогтердің құқықтық құзыреттілігін дамыту – біліктілік арттыру жүйесінің басым бағыты» тақырыбында таныстырылым жасап, педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына, кәсіби қызмет барысында құқықтық нормаларды сақтауға және педагогтердің құқықтарын қорғау мәселелеріне тоқталды.

Талқылау барысында барлық баяндамашы-спикерлердің ұсыныстары мен ақпараттары тыңдалып, өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, пікір алмасу, ұсыныстар мен кері байланыс ұйымдастырылды.

Ашық талқылау алаңы білім беру саласындағы конституциялық қағидаттарды сақтау, педагогтердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету және білім сапасын арттыру бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРДЫ ІЛГЕРІЛЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ — Өрлеу