Өрлеу

ҚАЛАМГЕРМЕН КЕЗДЕСУ: РОЗА МҰҚАНОВА

ҚАЛАМГЕРМЕН КЕЗДЕСУ: РОЗА МҰҚАНОВА
Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Өрлеу» БАҰО Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтында тыңдаушылармен әдеби кездесу ұйымдастырылды. 

Кездесудің арнайы қонағы жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халық кеңесінің мүшесі - Роза Мұқанова.

Кездесудің негізгі мақсаты кітап оқу мәдениетін насихаттау, көркем әдебиеттің маңызын дәріптеу және тыңдаушылардың рухани дүниесін байыту. Әдеби кездесу барысында Роза Мұқанова өзінің өмірлік және шығармашылық жолынан сыр шертіп, естеліктерімен бөлісті. Президенттің кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі бастамасын іске асырудың маңыздылығы, көркем шығармалардың тәрбиелік мәні туралы  мазмұнды әңгіме өрбіді.
Сонымен қатар жазушы кітап оқудың адам өміріндегі маңызына ерекше тоқталып, көркем әдебиеттің ой-өрісті кеңейтіп, адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудағы рөлін атап өтті. Кітаптың адамды терең ойлауға, өмірді тануға және рухани тұрғыдан дамуға жетелейтін құндылық екені айтылды.

«Кітап оқу ол сіздің өзіңізді іздегеніңіз, өзіңізді іздейсіз бірақ сіз өзіңізді таба аласыз ба? Таба алмайсыз ба? Оған мен жауап бере алмаймын. Бірақ мен нақты білемін, кітап оқитын адам өзін іздейді. Ол кітап сіз өзіңізді таптыңыз. Сіз кімді таптыңыз, сіз авторды таптыңыз өзіңізге ұқсайтын, жаныңызбен үндес, сіздің санаңызбенен үндес. Сол кітапты тапқанға дейін іздеңіздер балалар. Сол кітапты тапқанға дейін авторларыңызды іздеңіздер. Мүмкін емес сіздерге ұнамайтын кітап, барлық кітаптың ұнамауы», - дейді қаламгер өз сөзінде. Расында кітап оқу, өзіңіңе ұнайтын авторды табу дәл бір өзіңді іздеп жүргендей құбылыс. 

Қаламгермен жүздесу тыңдаушылар үшін ерекше әсерге толы, рухани байлық сыйлаған маңызды сәт болды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ҚАЛАМГЕРМЕН КЕЗДЕСУ: РОЗА МҰҚАНОВА — Өрлеу