Өрлеу

КӘСІП ТАҢДАУ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

КӘСІП ТАҢДАУ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтында курс тыңдаушылары мен педагог-профориентологтардың қатысуымен «Кәсіп таңдау: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараның спикері – Әлия Жаукеева. Кездесу барысында мамандық таңдау жүйесіндегі жасанды интеллекттің (ЖИ) рөлі, оның мүмкіндіктері және білім беру саласында қолданылу жолдары талқыланды.

Семинарда жасанды интеллект құралдарының оқушыларға өз қызығушылықтары мен жеке қабілеттерін анықтауға, түрлі мамандықтар туралы ақпарат алуға және болашақтағы мүмкіндіктерін зерделеуге көмектесетіні туралы айтылды. Сондай-ақ ЖИ көмегімен оқушылардың қабілеттеріне сәйкес келетін бағыттарды зерттеп, әртүрлі мамандықтардың ерекшеліктерін салыстыру жолдары қарастырылды.

Сонымен қатар білім беру жүйесінде жасанды интеллектті тиімді пайдалану және оның көмегімен алынған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар цифрлық құралдарды орынды қолданудың маңыздылығымен танысып, жасанды интеллект ұсынған ақпаратты талдау кезінде адамның жеке пікірі мен саналы шешім қабылдау қабілеті басты орында қалуы керектігін атап өтті.

Кездесу барысында заманауи технологиялардың білім беру жүйесіндегі орны, олардың оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға ықпалы және педагогтердің жұмысында қолдану мүмкіндіктері талқыланды.

Семинар қатысушылар арасында тәжірибе алмасып, жаңа технологияларды білім беру тәжірибесінде қолдану жолдарын анықтауға арналды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

КӘСІП ТАҢДАУ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР — Өрлеу