Өрлеу

ЕКІ АПТАЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

ЕКІ АПТАЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

«Өрлеу» Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған екі апталық біліктілікті арттыру курстары өз мәресіне жетті.

Екі аптаға созылған оқу кезеңінде тыңдаушылар білім беру саласындағы заманауи үрдістермен танысып, кәсіби білімдері мен әдістемелік шеберліктерін жетілдірді. Сабақ барысында теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруге және оларды күнделікті педагогикалық қызметте қолдану жолдарына ерекше назар аударылды.

Курс бағдарламасы аясында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, кәсіби пікірталастарға қатысып, білім беру үдерісінде кездесетін өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар заманауи педагогикалық тәсілдер мен инновациялық шешімдерді зерделеп, өз тәжірибелерін жаңа идеялармен толықтырды.

Оқу бағдарламасын толық әрі сәтті аяқтаған 203 тыңдаушыға сертификаттар табысталды. Бұл құжаттар педагогтердің кәсіби дамуға деген ұмтылысы мен жаңа білімді тәжірибеде қолдануға бағытталған еңбегінің нәтижесі болды.

Курсты аяқтаған барша педагогтерді құттықтаймыз! Алған білімдеріңіз бен жинақтаған тәжірибелеріңізді кәсіби қызметтеріңізде тиімді қолданып, білім сапасын арттыру жолында жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!

Курсты аяқтаған барша педагогтерді құттықтаймыз! Алған білімдеріңіз бен жинақтаған тәжірибелеріңізді кәсіби қызметтеріңізде тиімді қолданып, шәкірттеріңіздің жетістігі мен білім сапасын арттыру жолында жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!

 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар