Өрлеу

КЕЗЕКТІ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

КЕЗЕКТІ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында мемлекеттік тапсырыс аясында ұйымдастырылған екі апталық біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды.

Курс барысында педагогтер кәсіби білімдерін жетілдіріп, тәжірибелік дағдыларын толықтыруға мүмкіндік алды. Оқыту бағдарламалары заманауи білім беру талаптарына сәйкес әзірленіп, педагогикалық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, оқу үдерісін жоспарлау, сыныпты басқару, кәсіби бағдар беру, жас мамандардың педагогикалық қызметке бейімделуі, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде пайдалану бағыттарын қамтыды.

Екі аптаға созылған кәсіби оқыту қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

Барлық курс тыңдаушыларына кәсіби қызметте толағай табыс, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

КЕЗЕКТІ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ — Өрлеу