Өрлеу

«ФИЗИКА» ПӘНІ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

«ФИЗИКА» ПӘНІ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Алматы облысы бойынша ҚДИ» филиалының Жетісу облысы бойынша өкілдігінде мемлекеттік тапсырыс аясында 2026 жылғы 15–26 маусым аралығында «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Физика»» тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы өткізілді.

 

Курсты Жетісу облысы бойынша өкілдіктің шақырылған оқытушысы, тәжірибелі педагог, педагог-шебер, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жакенова Дана Абдихалыққызы жүргізді.

 

Оқыту бағдарламасы аясында тыңдаушылар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асырудың заманауи тәсілдерімен танысып, оқу мақсаттарына сәйкес күтілетін нәтижелерге қол жеткізудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерді.

 

Курс барысында теориялық білім практикалық жұмыстармен ұштастырылып, физика пәнін оқытудағы заманауи әдістемелер, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру жолдары және оқушылардың білім нәтижелерін арттыру мәселелері қарастырылды. Топтық жұмыстар, кәсіби талқылаулар мен тәжірибе алмасу тыңдаушылардың әдістемелік құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік берді.

 

Курс қорытындысы бойынша педагогтер оқыту тәжірибесінде қолдануға болатын жаңа әдістемелік шешімдер мен практикалық дағдыларды игеріп, кәсіби білімдерін жетілдірді.

 

Біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтаған барлық педагогтерге кәсіби қызметтеріне табыс, шығармашылық ізденіс және жаңа жетістіктер тілейміз!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ФИЗИКА» ПӘНІ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ — Өрлеу