Өрлеу

Қаржылық сауаттылық негіздері бойынша біліктілікті арттыру курсы аяқталды

Қаржылық сауаттылық негіздері бойынша біліктілікті арттыру курсы аяқталды

2026 жылғы 6 қарашада математика пәні мұғалімдері мен білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы 40 сағаттық біліктілікті арттыру курсы аяқталды.

2–6 қараша аралығында өткізілген курс педагогтер мен басшылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, жеке қаржыны тиімді басқару және қаржылық тұрғыдан негізделген шешімдер қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталды.

Курс барысында қатысушылар қаржылық жоспарлау, бюджетті басқару және қаржылық қауіпсіздік салаларындағы білімдерін тереңдетті. Сонымен қатар алған білімдерін кәсіби қызметте қолдану мүмкіндіктерін қарастырды.

Қаржылық сауаттылық – қазіргі заманғы маңызды құзыреттердің бірі. Мұндай білім беру бағдарламалары педагогтердің қаржылық мәдениетін дамытуға, кәсіби құзыреттерін жетілдіруге және қаржыны басқару мәселелеріне жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Қаржылық сауаттылық негіздері бойынша біліктілікті арттыру курсы аяқталды — Өрлеу