ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДАН АЛҒАН ӘСЕРІМЕН БӨЛІСТІ

«Білім берудегі көшбасшылық және өзгерістерді басқару: қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қатысушысы Жанар Жамбусинова бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында іс-шарадан алған әсерімен бөлісті.
Сұхбат барысында ол конференцияның кәсіби тәжірибе алмасуға, білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, сондай-ақ білім беру саласындағы көшбасшылық пен өзгерістерді басқарудың заманауи тәсілдерін таныстыруға мүмкіндік беретін маңызды алаң екенін атап өтті.
Мұндай іс-шараларға қатысу халықаралық кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және озық педагогикалық тәжірибені таратуға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Педагогтерді аттестаттаудың жаңа пилоттық жобасын іске асыруға байланысты Қарағанды облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бірнеше бағытта жүргізілуде.

«ӨРЛЕУ»: НАҚТЫ НӘТИЖЕ МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫС
Білім сапасын арттыру – жүйелі еңбектің, жаңашыл көзқарас пен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі.

АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: ПЕДАГОГТЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың аттестаттаудың пилоттық жобасына қатысты берген тапсырмаларын орындау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.