+7 (7172) 55 95 55

M

02.04.2026

ЖАЛҒАН КУРСТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының атауы мен логотипін заңсыз пайдаланып, түрлі курстарға қатысу туралы жалған ақпараттың таралу фактілері анықталды.
Педагогтерден күмән тудыратын курстарға қатысудан бас тартып, ақпараттың шынайылығын тек ресми дереккөздер арқылы тексеруді сұраймыз. «Өрлеудің» ресми курстарын ажырату жолдары туралы нұсқаулық жоғарыда ұсынылған.
«Өрлеу» логотипі зияткерлік меншік объектісі және құқықтық қорғауға жатады. ҚР Азаматтық кодексінің 1032-бабына сәйкес тауар белгісіне құқықты бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға, заңсыз орналастырылған материалдарды (оның ішінде интернет-ресурстардан, жарнамадан және өзге де ақпарат тасымалдағыштардан) алып тастауға, сондай-ақ келтірілген залалды өтеуге немесе сот айқындайтын өтемақы төлеуге міндетті. Тауар белгісі заңсыз пайдаланылған материалдар контрафактілік деп танылады және айналымнан алып қоюға жатады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 222-бабына сәйкес бөтен тауар белгісін (немесе онымен шатастыру дәрежесіне дейін ұқсас белгіні) заңсыз пайдалану, егер ол ірі залал келтірсе, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Қоғам өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сот және құқық қорғау органдарына жүгіну құқығын өзіне қалдырады.