«Адал азамат» – заманауи мектеп менеджментінің негізгі өзегі: басқарушылық шешімдердегі құндылықтар жүйесі

«Адал азамат» – заманауи мектеп
менеджментінің негізгі өзегі: басқарушылық шешімдердегі құндылықтар жүйесі
«Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының
ұйымдастыруымен педагогтер мен білім беру саласының мамандарына арналған «Адал
азамат» – заманауи мектеп менеджментінің негізгі өзегі: басқарушылық
шешімдердегі құндылықтар жүйесі» тақырыбында танымдық вебинар өтті.
Вебинарды тренер Шалқар Құсайынғазыұлы жүргізіп,
заманауи білім беру ұйымдарын басқарудағы өзекті мәселелер мен тиімді басқару
тетіктеріне тоқталды.
Кездесу барысында мектеп менеджментінде жасанды
интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, білім беру ұйымдарында инновациялық
мәдениетті қалыптастыру, педагогикалық тәжірибені бақылау және әдістемелік
қолдау көрсету мәселелері кеңінен қарастырылды.
Сонымен қатар басқарушылық шешімдер қабылдау барысында
ұлттық құндылықтарды басшылыққа алудың, адалдық, жауапкершілік пен кәсібилік
қағидаттарын білім беру ұйымының басқару жүйесіне енгізудің маңыздылығы
талқыланды.
Вебинар қатысушылары өзара тәжірибе алмасып, кәсіби
қызметте қолдануға болатын тың идеялар мен практикалық ұсыныстар алды.
Мұндай кәсіби кездесулер білім беру саласы
мамандарының басқарушылық құзыреттілігін жетілдіруге, заманауи менеджмент
тәсілдерін меңгеруге және құндылыққа бағдарланған білім беру ортасын
қалыптастыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар


«Кітап оқитын ұлт» – ортақ құндылық, игі бастама!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы «Кітап оқитын ұлт» акциясын қолдайды.

«ЖИ МЕКТЕПТЕ: ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Қазіргі таңда білім беру жүйесі қарқынды өзгерістер кезеңін бастан өткеруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектіні дамыту мен цифрлық трансформацияны еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. Бұл міндеттер білім беру жүйесіне де жаңа талаптар қойып, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту мен оқытудың заманауи тәсілдерін енгізудің маңызын арттыруда.