U-SPACE ДИАЛОГ АЛАҢЫ: ҚҰНДЫЛЫҚТАН ӘРЕКЕТКЕ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтында U-SPACE диалог алаңы аясында «Құндылықтан әрекетке: Адал азамат тәрбиелеудегі Астана педагогтерінің тәжірибесі» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылау, оның білім беру ұйымдарындағы жүзеге асырылу барысын саралау және педагогтердің тиімді тәжірибелерін кеңінен тарату. Сонымен қатар тәрбиедегі ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып, білім алушылардың бойында азаматтық ұстаным мен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.
Диалог алаңына қатысқан елордалық педагогтер тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім алушылардың тұлғалық дамуына бағытталған жұмыстарын таныстырды. Атап айтқанда, оқушылардың бойында отансүйгіштік, адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, өзара құрмет пен ынтымақтастық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған бастамалар мен жобалар сөз болды.
Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың санасына сіңірудің тиімді жолдары, оларды күнделікті өмірде және қоғамдық ортада қолдануға үйретудің маңыздылығы талқыланды. Педагогтер оқушылармен бірлесіп жүзеге асырған жобаларын таныстырып, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен практикалық шешімдерді ортаға салды.
Білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, экологиялық мәдениетін дамыту және құқықтық сауаттылығын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға ерекше мән берілді. Қатысушылардың пікірінше, тәрбие жұмысының нәтижелі болуы үшін білім алушыларды дайын ақпаратты қабылдаушы ретінде ғана емес, қоғамдық өмірге белсенді араласатын, өз әрекетіне жауап бере алатын тұлға ретінде қалыптастыру маңызды.
U-SPACE диалог алаңының негізгі ерекшелігі теориялық ұстанымдарды нақты педагогикалық тәжірибемен ұштастырып, әріптестер арасында ашық кәсіби пікір алмасуға мүмкіндік беруінде. Мұндай кездесулер педагогтерге жаңа идеялармен танысуға, өзара тәжірибе алмасуға және білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жетілдірудің тиімді жолдарын қарастыруға жағдай жасайды.
Басқа жаңалықтар


«Кітап оқитын ұлт» – ортақ құндылық, игі бастама!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы «Кітап оқитын ұлт» акциясын қолдайды.

«ЖИ МЕКТЕПТЕ: ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Қазіргі таңда білім беру жүйесі қарқынды өзгерістер кезеңін бастан өткеруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектіні дамыту мен цифрлық трансформацияны еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. Бұл міндеттер білім беру жүйесіне де жаңа талаптар қойып, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту мен оқытудың заманауи тәсілдерін енгізудің маңызын арттыруда.