Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған курстан кейінгі қолдау шебер-сыныбы өтті

Іс-шара жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды құрастыру және оларды педагогикалық тәжірибеде тиімді қолдану дағдыларын жетілдіруге арналды. Шебер-сыныпты Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедраның аға оқытушысы Айжан Есентаева өткізді.
Кездесуге қыркүйек-қазан айларында біліктілікті арттыру курстарын аяқтаған педагогтер қатысты. Шебер-сыныптың ашылуында институт директорының орынбасары Марлан Байжанов қатысушыларға сәттілік тілеп, курстан кейінгі кәсіби қолдаудың маңыздылығына тоқталды. Кафедра меңгерушісі Салтанат Арзымбетова да мұндай кездесулердің мұғалімдердің кәсіби тәжірибесін жаңғыртудағы рөлін атап өтті.
Практикалық бөлімде Айжан Есентаева шығармашылық тапсырмаларды жобалау мен саралаудың тиімді үлгілерін таныстырды. Педагогтер өзара пікір алмасып, әдістемелік тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар Қали Ақылбек, Айман Әуелбекова, Мөлдір Төлегенова, Құралай Төлеуғали, Айша Тұрлыбай, Фариза Қарлыбай және Мөлдір Кеңес тәжірибе алаңында авторлық әдіс-тәсілдерін ұсынып, практикалық жаттығулар өткізді.
Іс-шара аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тілдік дағдыларды жетілдіруге арналған сабақ жоспарлары» атты әдістемелік жинақтың тұсаукесері өтті. Жинақ авторлары Әмина Мухамет пен Диана Даулетова еңбектері үшін құрмет грамоталарымен марапатталды.
Шебер-сынып соңында қатысушылар пікірлерімен бөлісіп, кездесудің практикалық маңызын жоғары бағалады. Институт директорының орынбасары Марлан Байжанов педагогтерге сертификаттар, ал спикерлерге алғыс хаттар табыстады.
Курстан кейінгі қолдау жұмыстары педагогтердің кәсіби дамуын үздіксіз жалғастыруға, тәжірибе алмасуға және тиімді әдістемелік шешімдерді білім беру үдерісіне енгізуге мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫ: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесін жаңғырту, цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелерін еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді.

БІР МӘСЕЛЕ – БІРНЕШЕ ШЕШІМ: ЗАМАНАУИ САБАҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазіргі сабақта ең маңыздысы – оқушының дұрыс жауапты білуі ғана емес, сол жауапқа апаратын түрлі жолдарды көре білуі. Ал мұндай қабілетті дамытуда цифрлық технологиялардың мүмкіндігі қандай?

«ӨРЛЕУДЕ» ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АКЦИЯ БАСТАЛДЫ
«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» атты акция басталды. Бастамаға еліміздің 20 филиалынан құралған 21 команда қатысып, командалық оқу арқылы ортақ әдеби кеңістік қалыптастыруға кірісті.