Өрлеу

«Өнерлі ұстаз» байқауы өтті

«Өнерлі ұстаз» байқауы өтті

Байқаудың әділ қазылар алқасының құрамында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедрасының аға оқытушылары, педагогика ғылымдарының магистрлері Ибраева Жанар мен Фатима Серікбайқызы болды.

Байқаудың мақсаты – педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, оқыту үдерісінде заманауи әдіс-тәсілдер мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдануын насихаттау, кәсіби шеберлігін шыңдау.

Байқау үш кезеңнен тұрды:

  • «Шығармашыл педагог – сапалы білім» – шеберлік сабағы;

  • «Менің сүйікті мамандығым» – таныстырылым;

  • «Ұстаз және өнер» – шығармашылық кезең.

Қатысушылар әдістемелік шеберлігін, цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын, шешендік қабілеті мен шығармашылық әлеуетін танытты.

Байқауды ұйымдастырған Алматы қаласы Білім басқармасына және Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлеріне алғыс білдіреміз.

«Өнерлі ұстаз» байқауы педагогтердің кәсіби шеберлігі мен өнерге деген сүйіспеншілігін тоғыстырған мазмұнды іс-шара болды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар