Өрлеу

«КОНСТИТУЦИЯ: АДАМИ КАПИТАЛ. АДАЛ АЗАМАТ» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

«КОНСТИТУЦИЯ: АДАМИ КАПИТАЛ. АДАЛ АЗАМАТ» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

30 сәуірде «Конституция: адами капитал. Адал азамат» тақырыбында республикалық семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 6000-нан астам білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер мен әдіскерлер қатысты. Семинар аралас форматта өткізіліп, онлайн-пленарлық бөлім мен офлайн воркшоптарды қамтыды.

Пленарлық бөлімде Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтарын білім беру үдерісіне кіріктіру және олардың адами капиталды дамытудағы рөлі талқыланды.

Практикалық бөлімде «Адал азамат: құндылықтарды оқыту мен тәрбиелеуге кіріктіру» тақырыбында воркшоп өткізілді. Қатысушылар құндылықтарды сабақ мазмұнына енгізу жолдарын қарастырып, адалдық, жауапкершілік, әділдік, патриотизм және еңбекқорлық қағидаттарына негізделген тапсырмалар әзірледі. Сонымен қатар педагогикалық кейстерді талдап, практикалық жобалар ұсынды.

Семинар қорытындысында қатысушылар ұсынылған әдіс-тәсілдердің тәжірибелік маңызын атап өтіп, оларды кәсіби қызметінде қолдануға дайын екендіктерін білдірді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«КОНСТИТУЦИЯ: АДАМИ КАПИТАЛ. АДАЛ АЗАМАТ» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ — Өрлеу