Өрлеу

Новость

2026 жылғы 14 қазанда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы Әулиекөл ауданының педагогтеріне арналған аттестаттаудың пилоттық жобасы бойынша онлайн форматта ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Іс-шараға білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, әдіскерлер және 2026 жылы пилоттық жоба аясында аттестаттаудан өтетін педагогтерді қоса алғанда, 50-ден астам білім беру саласының өкілі қатысты.

Кездесуге филиал директорының орынбасары Жахангир Абдразакович, филиалдың IT маманы Артур Магомедрасулович , білім басқармасының әдіскері Жанар Хамитовна, Алтынсарин ауданының әдіскері Сауле Төлеуқызы және аудандық білім бөлімінің маманы Жанар Әділханқызы  қатысты.

Кездесу барысында педагогтерді аттестаттау рәсіміндегі негізгі өзгерістер, пилоттық жобаны іске асыру ерекшеліктері және аттестаттаудан өтуге қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.

Қатысушылар аттестаттаудан өту тәртібі бойынша қажетті түсіндірмелер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Мұндай кездесулер педагогтердің аттестаттау тәртібі туралы хабардарлығын арттыруға және пилоттық жобаны іске асыру барысында әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Новость — Өрлеу