СКО «Өрлеу» филиалында пилоттық жоба аясында орта білім беру ұйымы педагогінің цифрлық бейінін қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының бас маманы Жанагүл Айтхожина педагогтерге аттестаттаудың пилоттық жобасының ерекшеліктерін, цифрлық бейінді қалыптастыру тәртібін және «Ұстаз» платформасы арқылы құжаттарды тапсырудың техникалық мәселелерін түсіндірді.
Кездесу барысында кәсіби қызмет нәтижелерін растайтын материалдарды жүктеу, «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру, бейнематериалдарды орналастыру, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын (ҚМЖ) әзірлеу, ашық сабақтар өткізу және тәлімгерлік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Талқылауға пилоттық режимде аттестаттаудан өтетін педагогтер мен білім беру ұйымдарында осы үдерісті сүйемелдейтін директорлардың орынбасарлары қатысты. Ашық диалог барысында нақты жағдайлар қарастырылып, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Сондай-ақ педагогтерге өзекті ақпараттан хабардар болу үшін «Өрлеудің» YouTube арнасы мен әлеуметтік желілерінде жарияланатын пилоттық жобаға арналған онлайн-семинарларды тұрақты түрде қадағалап отыру ұсынылды.
«Өрлеудің» ресми ақпараттық арналары:
YouTube: https://www.youtube.com/@orleukz
Instagram: https://instagram.com/orleu_resmi
Facebook: https://facebook.com/orleu.kz
Мұндай кездесулер педагогтердің аттестаттауға алдын ала дайындалуына, қойылатын талаптарды тереңірек түсінуіне және цифрлық құралдарды сенімді пайдалануына ықпал етеді.





Басқа жаңалықтар

«Бір курс – бір кітап»: «Алғашқы ұстаз» повесі аясындағы жағдаяттық талдау
Іс-шара барысында курс тыңдаушылары 5 топқа бөлініп, «Кейс» әдісі арқылы жағдаяттық талдау жүргізді. Шығармадағы оқиғалар мен кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдай отырып, педагогикалық тұрғыдан маңызды мәселелерді талқылап, нақты шешімдер ұсынды.

ӨРЛЕУ-TRAINER: КӘСІБИ ДАМУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Филиалда тренерлерге арналған «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы басталды. Тренерлердің шығармашылық әлеуетін ашу, озық педагогикалық идеялар мен авторлық бағдарламаларды анықтау бағытындағы оқыту семинарларының қорытындысы бойынша үздік авторлық әдістемелер жинағы шығарылып, жұмыс тәжірибесіне енгізіледі.
