ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАРДА ПЕДАГОГТЕР ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА

Түркістан облысында өтіп жатқан «Жасанды интеллект мектепте: оқытудың жаңа
мүмкіндіктері» республикалық семинары жалғасуда. Пленарлық отырыстан соң
семинар жұмысы практикалық бағытта жалғасып, «Педагог шеберханасы» аясында
бірқатар шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.
Қатысушылар жасанды интеллект құралдарын сабақ жоспарлауда, оқу
тапсырмаларын әзірлеуде, бағалау мен кері байланыс ұйымдастыруда қолдану
жолдарымен танысып, өзара тәжірибе алмасуда. Шеберлік сыныптарында педагогтерге
түрлі тақырыптар ұсынылды. Сонымен қатар бірнеше бағыттар бойынша практикалық
жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетейік, шеберлік сыныптарының басты мақсаты – педагогтерге цифрлық
құралдарды тәжірибеде тиімді қолдану жолдарын көрсету, әдістемелік
мүмкіндіктерін кеңейту және білім беру сапасын арттыруға ықпал ету.
Басқа жаңалықтар


«Кітап оқитын ұлт» – ортақ құндылық, игі бастама!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы «Кітап оқитын ұлт» акциясын қолдайды.

«ЖИ МЕКТЕПТЕ: ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Қазіргі таңда білім беру жүйесі қарқынды өзгерістер кезеңін бастан өткеруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектіні дамыту мен цифрлық трансформацияны еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. Бұл міндеттер білім беру жүйесіне де жаңа талаптар қойып, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту мен оқытудың заманауи тәсілдерін енгізудің маңызын арттыруда.