ЖАҢА БІЛІМ. ЖАҢА МҮМКІНДІК.

2026 жылғы 24 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстары өтуде.
Курсқа 201 тыңдаушы қатысып, кәсіби білімін жетілдіріп, тәжірибесін толықтыруда. Оқу барысында педагогтер білім беру саласындағы заманауи талаптарға сай жаңа дағдыларды меңгеріп, кәсіби құзыреттерін дамытуға мүмкіндік алады.
Біліктілікті арттыру курстары педагогтердің білімін жаңартып қана қоймай, тәжірибе алмасуына, өзекті мәселелерді талқылауына және жаңа білімді күнделікті жұмысында қолдану жолдарын қарастыруына жағдай жасайды. Бұл — кәсіби әлеуетті арттырып, білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған маңызды қадам.
Барлық тыңдаушыға сәтті оқу, пайдалы тәжірибе және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!
«Өрлеу» — кәсіби дамуға бастар жол!
Басқа жаңалықтар


«Кітап оқитын ұлт» – ортақ құндылық, игі бастама!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы «Кітап оқитын ұлт» акциясын қолдайды.

«ЖИ МЕКТЕПТЕ: ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Қазіргі таңда білім беру жүйесі қарқынды өзгерістер кезеңін бастан өткеруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектіні дамыту мен цифрлық трансформацияны еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. Бұл міндеттер білім беру жүйесіне де жаңа талаптар қойып, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту мен оқытудың заманауи тәсілдерін енгізудің маңызын арттыруда.