Ұлттық Банк Төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев педагогтерге сертификаттар табыстады

«Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті. Курс қорытындысы бойынша қатысушы педагогтерге сертификаттар табысталды.
Сертификаттарды арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы табыстады.
Курс бағдарламасы аясында педагогтер қаржылық сауаттылық бағытындағы білімдерін жетілдіріп, қаржылық үдерістерді түсіну, жеке қаржыны тиімді басқару және алған білімдерін күнделікті өмірде әрі кәсіби қызметте қолдану бойынша қажетті білім мен практикалық дағдыларды меңгерді.
Іс-шара барысында Ұлттық Банк өкілі курс қатысушыларымен кездесіп, пікір алмасты. Өз кезегінде педагогтер ұйымдастырылған оқытудың маңыздылығын атап өтіп, алғыстарын білдірді.
Курс педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға, кәсіби құзыреттерін кеңейтуге және алған білімдерін білім беру үдерісінде тиімді пайдалануға бағытталды.
Басқа жаңалықтар

«Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. Көркем еңбек»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын жалғастыруда.

Педагогтің кәсіби әлеуеті: күшті тұстарын анықтау және даму бағыттарын айқындау
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Қазақ тілі мен әдебиеті» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы жалғасуда.

«ЖАҢА САБАҚ — ЖАҢА ИДЕЯЛАР — ЖАҢА ЕСІМДЕР!»
«ЖАҢА САБАҚ — ЖАҢА ИДЕЯЛАР — ЖАҢА ЕСІМДЕР!»