АҒА ОҚЫТУШЫМЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯДА СПИКЕР БОЛДЫ

Бүгін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ
Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен
«Функционалдық сауаттылыққа бағытталған оқыту: мұғалім құзыреттілігінің жаңа
моделі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.
Конференция барысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық
орталығы» АҚ Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институтының
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедрасының аға оқытушысы Райхан
Жұманова қатысып, «Тыңдаушыға бағдарланған және тәжірибеге негізделген оқыту»
тақырыбында баяндама жасады.
Конференцияның мақсаты – білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға
бағытталған заманауи оқыту тәсілдерін талқылау, педагогтердің кәсіби
құзыреттілігін жетілдіру және озық тәжірибелермен бөлісу.
Конференция барысында функционалдық сауаттылықты дамытудың заманауи әдістері,
педагогтің кәсіби құзыреті және үздіксіз дамуы, сабақ пен оқу үдерісін тиімді
жобалау, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беруде қолдану;
тәжірибе алмасу және кәсіби даму мәселелері қарастырылды.
Басқа жаңалықтар

«Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. Көркем еңбек»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын жалғастыруда.

Педагогтің кәсіби әлеуеті: күшті тұстарын анықтау және даму бағыттарын айқындау
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Қазақ тілі мен әдебиеті» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы жалғасуда.

«ЖАҢА САБАҚ — ЖАҢА ИДЕЯЛАР — ЖАҢА ЕСІМДЕР!»
«ЖАҢА САБАҚ — ЖАҢА ИДЕЯЛАР — ЖАҢА ЕСІМДЕР!»