БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРС АЯСЫНДА ӘЗІРЛЕНГЕН ЖОБА:PROFI-QADAM

Болашақ мамандықты дұрыс таңдау әрбір оқушының өміріндегі маңызды шешімдердің бірі. Бұл үдерісте кәсіби бағдар беру жұмысының жүйелі ұйымдастырылуы, мамандықтар туралы қолжетімді ақпараттың болуы және оқушының жеке қызығушылығы мен қабілетін ескеру ерекше маңызға ие. «Білім алушыларды кәсіби бағдарлаудағы мектептің іс-әрекеті» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аясында цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануды көздейтін PROFI-QADAM сайт-жобасы әзірленді.
Жобаның авторы №74 мектеп-гимназиясының кәсіби бағдар берушісі Сымбат Наурызғалиева.
Сайт-жобаның басты мақсаты білім алушылардың мамандық таңдауына қажетті ақпаратты бір ортаға жинақтау, олардың кәсіби қызығушылықтарын анықтауға көмектесу және болашақ білім алу бағытын таңдауға қолдау көрсету. Сонымен қатар жоба ата-аналарға да баласының кәсіби бағдарын айқындау барысында қажетті мәліметтер мен пайдалы ресурстар да қолжетімді.
PROFI-QADAM сайты өзара байланысты алты негізгі бөлімнен тұрады. Әр бөлім пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.
«Жаңалықтар» бөлімінде кәсіби бағдар беру саласындағы өзекті ақпараттар мен жаңалықтар ұсынылады.
«Оқу орындары» бөлімінде білім алушыларға жоғары және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы ақпарат алуға жағдай жасалған.
«Грант түрлері / Мамандықтар» бөлімінде білім алу мүмкіндіктері, грант түрлері және түрлі мамандықтар туралы мәліметтер топтастырылған. Бөлім оқушылардың өз қызығушылықтарына сәйкес кәсіби бағытты таңдап, білім алудың қолжетімді жолдарымен танысуына арналған.
«Тесттер» бөлімі білім алушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтауға, өзіндік бейімділігін тануға бағытталған.
«Сұрақ-жауап» бөлімінде кәсіби бағдар беру мен мамандық таңдауға қатысты өзекті сұрақтарға жауап табуға болады.
Ал «Ата-аналарға» бөлімі баласының болашақ мамандығын таңдауына қолдау көрсеткісі келетін ата-аналарға арналған. Мұнда ата-аналар баласының қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып, дұрыс шешім қабылдауына бағыт беретін ақпараттар қамтылған.
Жоба авторы Сымбат Наурызғалиева PROFI-QADAM сайт-жобасының алдағы уақытта оқушылар мен ата-аналар үшін пайдалы ақпараттық ресурсқа айналатынына сенімі мол екенін айтады.
Қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар өзгеріп, жаңа кәсіби бағыттар қалыптасып жатқан кезеңде оқушыларға дұрыс бағыт көрсету мектептің маңызды міндеттерінің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, PROFI-QADAM жобасы кәсіби бағдар беру жұмысын цифрлық форматта ұйымдастырудың тиімді үлгісі бола алады.
Басқа жаңалықтар


«Кітап оқитын ұлт» – ортақ құндылық, игі бастама!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы «Кітап оқитын ұлт» акциясын қолдайды.

«ЖИ МЕКТЕПТЕ: ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Қазіргі таңда білім беру жүйесі қарқынды өзгерістер кезеңін бастан өткеруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектіні дамыту мен цифрлық трансформацияны еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. Бұл міндеттер білім беру жүйесіне де жаңа талаптар қойып, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту мен оқытудың заманауи тәсілдерін енгізудің маңызын арттыруда.