Өрлеу

PIRLS, TIMSS және ББЖМ тапсырмалары арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары талқыланды

PIRLS, TIMSS және ББЖМ тапсырмалары арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары талқыланды

PIRLS, TIMSS және ББЖМ тапсырмалары арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары талқыланды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалында «Бастауыш сынып білім алушыларының функционалдық сауаттылығы ұлттық және халықаралық мониторингтік зерттеулер контекстінде» курсы аясында курстан кейінгі қолдау (ККҚ) вебинары өтті.

Вебинар тақырыбы: «PIRLS, TIMSS және ББЖМ тапсырмалары негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын күнделікті сабақта дамыту».

Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтерге PIRLS, TIMSS халықаралық және ББЖМ ұлттық зерттеулерінің бағалау құралдарын, мәтіндік және жағдаяттық тапсырмаларын күнделікті сабақ үдерісіне кіріктірудің тиімді әдістемелік тәсілдерін таныстыру, курстан кейінгі тәжірибелік қызметіне қолдау көрсету және кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Вебинар барысында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда халықаралық және ұлттық зерттеулер тапсырмаларын тиімді пайдаланудың маңыздылығы қарастырылды. Сонымен қатар педагогтердің күнделікті сабақта оқушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды құрастыру және қолдану жолдарына назар аударылды.

Вебинарды курс тренері, аға оқытушы Казбекова Айгүл Балтабаевна жүргізді.

Кездесу барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, әдістемелік ұсыныстар алды. Мұндай кәсіби кездесулер мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіруге, заманауи бағалау тәсілдерін оқу үдерісінде тиімді қолдануға және білім сапасын арттыруға ықпал етеді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

PIRLS, TIMSS және ББЖМ тапсырмалары арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары талқыланды — Өрлеу