Өрлеу

«ӨРЛЕУ» ҚОСТАНАЙ ФИЛИАЛЫНДА БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

«ӨРЛЕУ» ҚОСТАНАЙ ФИЛИАЛЫНДА БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институтында 2026–2027 оқу жылының басталуына орай салтанатты жиын өтті.

Іс-шара «Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбына арналды.

Жиында институт директорының орынбасары Гаппаров Жахангир Абдразақұлы құттықтау сөз сөйлеп, педагогтерге жаңа оқу жылында табыс, кәсіби өсу және толағай жетістіктер тіледі.

Еңбек ардагері Байсарина  Раушан Әбдуғалиқызы да қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, тағылымды тілектерін жеткізді.

Салтанатты жиында ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына да ерекше назар аударылды. Оның отандық білім беру жүйесінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі мен ағартушылық мұрасы атап өтілді.

Мерекелік шара музыкалық нөмірлермен және символдық алғашқы қоңырау рәсімімен жалғасын тапты.

Жаңа оқу жылы барша педагог үшін шығармашылық ізденіске, кәсіби дамуға және жарқын жетістіктерге толы болсын!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ӨРЛЕУ» ҚОСТАНАЙ ФИЛИАЛЫНДА БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ — Өрлеу