Өрлеу

«ӨРЛЕУ» ТЫҢДАУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ QUIZ ӨТТІ

«ӨРЛЕУ» ТЫҢДАУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ QUIZ ӨТТІ

Ұстаздар күні қарсаңында «Өрлеу» Қостанай облысы бойынша филиалында курс тыңдаушылары арасында интеллектуалдық Quiz ойыны ұйымдастырылды.

Іс-шара педагогтердің зияткерлік әлеуетін дамытуға, шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ командалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Интеллектуалдық сайысқа «Красотки», «Энергия», «Королевская палата», «Умняшки», «PROшки» және «ООП» командалары қатысты. Қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындап, білімдерін, тапқырлықтарын және топпен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.

Іс-шара мазмұнды әрі достық атмосферада өтіп, педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына және бейресми ортада қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік берді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ӨРЛЕУ» ТЫҢДАУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ QUIZ ӨТТІ — Өрлеу