«Өрлеу» СҚО филиалында «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

СҚО «Өрлеу» филиалында «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» республикалық байқауының өңірлік кезеңі жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті.
Салтанатты рәсімге I орын иегерлері, сондай-ақ аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, байқаудың сарапшылары – қазылар алқасының мүшелері және филиал оқытушылары қатысты.
2026 жылы байқаудың өңірлік кезеңіне Солтүстік Қазақстан облысының педагогтерінен 518 өтінім келіп түсті. Сараптамалық бағалау қорытындысы бойынша сауаттылықтың 7 бағыты бойынша I, II және III орындардың 42 жеңімпазы анықталды.
I орын иегерлері:
• Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық — Накиева Гульнара Гайнулловна, Петропавл қаласы «Мұрат Айтхожин атындағы №1 орта мектеп» КММ химия пәнінің мұғалімі.
• Математикалық сауаттылық — Әшірбаева Гүлайна Қаныбекқызы, Мамлют ауданы «Мамлют қазақ мектеп-интернаты» КММ математика пәнінің мұғалімі.
• Мәдениетаралық сауаттылық — Швецова Инна Геннадьевна, Мамлют ауданы «С.Г. Гуденко атындағы Дубровное орта мектебі» КММ музыка пәнінің мұғалімі.
• Қаржылық сауаттылық — Туткушева Мадина Маратовна, Петропавл қаласы «№29 жалпы білім беретін мектеп» КММ математика пәнінің мұғалімі.
• Цифрлық сауаттылық — Ташибаев Рустем Маратович, Петропавл қаласы «№23 орта мектеп» КММ информатика пәнінің мұғалімі.
• Оқу сауаттылығы — Гомзикова Ирина Витальевна, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан «Ломоносов орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі.
• Экологиялық сауаттылық — Титова Милана Ильдусовна, Айыртау ауданы «Новосветловка орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі.
Дәл осы педагогтер республикалық байқау кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайды. Олар өздерінің педагогикалық идеяларын бейнеролик форматында ұсынады.
II және III орын иегерлерінің толық тізімімен QR-код арқылы танысуға болады.
Қатысушылардың сертификаттары мен жеңімпаздардың дипломдарын 6 қазаннан бастап байқау платформасындағы жеке кабинеттерінен жүктеп алуға болады:
Байқау платформасы
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Оларға жаңа кәсіби идеялар, табысты жобалар және келесі кезеңде өңірімізді лайықты таныстыруды тілейміз!
Сарапшыларға, қазылар алқасының мүшелеріне және әдістемелік қызметтерге өңір педагогтерінің бастамаларын қолдап, кәсіби жұмыс атқарғандары үшін алғыс білдіреміз!
Басқа жаңалықтар


ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ
2026 жылғы 9 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жоба аясында Жетісу облысында «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы басталды.

«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды
Бүгін «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының кезекті тобы басталды. Курс тренері – Сариева Мырзаиым Хасенқызы.