ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА «ӨРЛЕУ» ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

2026 жылғы 26
наурызда Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
филиалының ұйымдастыруымен «Шағын жинақталған мектептерге арналған білім беру
технологиялары: бейімделу мәселелері және жүзеге асыру жолдары» тақырыбында
халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға 500-ден
астам педагог, ғалымдар, білім беру ұйымдарының басшылары мен әдіскерлер
қатысты. Конференция барысында шағын жинақталған мектептердің қазіргі жағдайы,
білім беру сапасы, инновациялық технологияларды енгізу және педагогтердің
кәсіби дамуы мәселелері жан-жақты талқыланды.
Конференцияның
ашылуында педагогика ғылымдарының кандидаты, Қостанай облысы бойынша «Өрлеу»
филиалының директоры Мусабекова Гульвира Айдархановна кіріспе сөз сөйлеп, білім
беру жүйесіндегі өзекті бағыттарға тоқталды.
Конференцияның
негізгі бағыттары:
Шағын жинақты
мектептердегі білім беру сапасының қазіргі жағдайы, проблемалары және даму перспективалары;
Шағын жинақталған
мектептерде білім беру технологияларын енгізудің басқарушылық моделі:
тәуекелдер, ресурстар және тиімділік критерийлері
Моңғолиядағы шағын
жинақталған мектептердің бүгінгі ахуалы
Ауыл мектептері
педагогтерінің кәсіби дамуы;
МКШ экожүйесіндегі
проактивті педагогтың рөлі.
Спикерлер
қатарында Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің
жетекші ғалымдары мен тәжірибелі педагогтері болды:
Утемисова Арайлым
Жубаткановна., Чекалева Надежда Викторовна, Кодирова Феруза Кахрамановна,
Нямцэрэн Рэнцэнханд, Мурзина Наталья Павловна, Зайнуллин Мурат Рауилевич,
Әлмағамбетова Лейла Серікқызы,
Набатникова
Татьяна Ивановна.
Конференция қорытындысы бойынша шағын
жинақталған мектептерде білім беру сапасын арттыруға бағытталған нақты
ұсынымдар әзірленді. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, білім беру процесін
жетілдірудің тиімді жолдарын талқылады.
Қатысушылар
конференцияның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, қарастырылған тақырыптардың
өзектілігін және ұсынылған материалдардың практикалық маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара оң бағасын алып, кәсіби ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар

«Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. Көркем еңбек»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын жалғастыруда.

Педагогтің кәсіби әлеуеті: күшті тұстарын анықтау және даму бағыттарын айқындау
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Қазақ тілі мен әдебиеті» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы жалғасуда.

«ЖАҢА САБАҚ — ЖАҢА ИДЕЯЛАР — ЖАҢА ЕСІМДЕР!»
«ЖАҢА САБАҚ — ЖАҢА ИДЕЯЛАР — ЖАҢА ЕСІМДЕР!»