Өрлеу

«ӨРЛЕУ» ҚОСТАНАЙ ФИЛИАЛЫНДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЛЕГІ ӨТТІ

 «ӨРЛЕУ» ҚОСТАНАЙ ФИЛИАЛЫНДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЛЕГІ ӨТТІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған біліктілікті арттыру курстарының кезекті легі ұйымдастырылды.

Оқу курстары 2026 жылғы 7–18 қыркүйек аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.

Бағдарламаға информатика, қазақ тілі мен әдебиеті, бастауыш білім беру, орта білім беру, орыс тілі мен әдебиеті, көркем еңбек және басқа да бағыттар бойынша педагогтер қатысты.

Оқыту барысында қатысушылар пәндік білімдерін жетілдіріп, кәсіби құзыреттерін дамытты. Сонымен қатар білім беру үдерісінде заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға бағытталған теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгерді.

Біліктілікті арттыру курстары педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға, тәжірибесін жетілдіруге және білім беру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ӨРЛЕУ» ҚОСТАНАЙ ФИЛИАЛЫНДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЛЕГІ ӨТТІ — Өрлеу