Өрлеу

«ӨРЛЕУ» ҚОСТАНАЙ ФИЛИАЛЫНДА ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

«ӨРЛЕУ» ҚОСТАНАЙ ФИЛИАЛЫНДА ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институтында мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстары өткізілді.

Оқыту қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылып, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті, биология, бастауыш және орта білім беру, орыс тілі мен әдебиеті, көркем еңбек және басқа да бағыттарды қамтыды.

Курстар барысында педагогтер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын іске асырудың жаңа тәсілдерімен, білім берудегі жасанды интеллект модельдерімен танысып, пәндік және цифрлық құзыреттіліктерін жетілдірді. Сондай-ақ оқу мақсаттарынан күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерді.

Оқыту бағдарламаларының қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілікті арттыру сертификаттары табысталды.

Курстар педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ӨРЛЕУ» ҚОСТАНАЙ ФИЛИАЛЫНДА ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ — Өрлеу