Өрлеу

ТҮРКІСТАНДА «ЖИ МЕКТЕПТЕ: ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА «ЖИ МЕКТЕПТЕ: ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен Жетісай ауданында «Жасанды интеллект (ЖИ) мектепте: оқытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында республикалық семинар өз жұмысын бастады.

 

Аталған іс-шараға Алматы, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарынан және Шымкент қаласынан 100-ден астам педагог қатысуда, оның ішінде жоғары оқу орындарының педагог-ғалымдары, білім бөлімдерінің мамандары, кәсіби даму институттарының өкілдері мен жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері бар. Алдымен қатысушылар білім беру ұйымдарының көрме жұмыстарын тамашалады. Сонымен қатар арнайы дайындалған концерттік бағдарлама көпшілікке назарына ұсынылды.

 

Ауқымды іс-шараның ашылуында институт директоры Нұржан Нұрлыбаев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. «Бүгінде жасанды интеллект – тек технологиялық жаңалық қана емес, ол білім беру мазмұнын жетілдіруге, оқушының жеке қажеттіліктерін ескеруге, педагогтің кәсіби қызметін оңтайландыруға мүмкіндік беретін маңызды құрал. Дегенмен ол мұғалімді алмастырмайды. Керісінше, педагогтің мүмкіндігін кеңейтіп, уақытын тиімді пайдалануға, оқу материалдарын түрлендіруге, білім алушылардың қабілеті мен қажеттілігіне қарай тапсырмалар әзірлеуге көмектеседі. Ең бастысы – осы мүмкіндіктерді орынды, сауатты және жауапкершілікпен пайдалана білу. Сондықтан бүгінгі іс-шараның маңызы зор. Өзара пікір алмасып, алған білімдеріңізді тәжірибеде қолданып, білім беру сапасын арттыру жолында жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!», – деді Нұржан Мәдірайұлы.

 

Жетісай аудандық білім бөлімінің басшысы Толқын Айгенжиева семинар жұмысының бағдарламасын таныстырып өтті. Әрі қарай қазіргі білім беру жүйесіндегі жасанды интеллектінің рөлі мен мүмкіндіктеріне арналған пленарлық отырысқа жалғасты. Отырыста жасанды интеллектке қатысты түрлі тақырыптары қарастырылып, бірнеше бағытта баяндамалар ұсынылуда.

 

Айта кетейік, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамытуға, жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне тиімді енгізуге және озық тәжірибемен бөлісуге бағытталған семинар жұмысы практикалық бағытта жалғасады.

 

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ЖИ МЕКТЕПТЕ: ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ — Өрлеу