Жетісу облысында педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жоба туралы ақпараттық жұмыс жүргізілуде

Жетісу облысында педагогтерді
аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жоба туралы ақпараттық жұмыс
жүргізілуде
“Өрлеу” ұлттық біліктілікті арттыру орталығының,
Жетісу облысы бойынша кәсіби даму институтының жүйелік әкімші маманы Маржан
Бекбаева, Талдықорғандық индустриалды колледжінің педагогтеріне “Ұстаз”
платформасы, оның ішінде пилоттық жоба туралы ақпараттық жұмыс жүргізді.
Кездесу барысында педагогтерге «Ұстаз» платформасының
негізгі мүмкіндіктері, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау бағыттары және
аттестаттау рәсіміне енгізіліп жатқан өзгерістер туралы жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар пилоттық жобаның мақсаты, оны жүзеге
асыру тәртібі, қатысу шарттары мен педагогтер үшін қарастырылған мүмкіндіктері
таныстырылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті
түсіндірмелер алды.
Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары педагогтердің
жаңашылдықтардан хабардар болуына, цифрлық платформаның мүмкіндіктерін тиімді
пайдалануына және аттестаттау үдерісіне дайындық деңгейін арттыруға
бағытталған.
Басқа жаңалықтар


«Кітап оқитын ұлт» – ортақ құндылық, игі бастама!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы «Кітап оқитын ұлт» акциясын қолдайды.

«ЖИ МЕКТЕПТЕ: ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Қазіргі таңда білім беру жүйесі қарқынды өзгерістер кезеңін бастан өткеруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектіні дамыту мен цифрлық трансформацияны еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. Бұл міндеттер білім беру жүйесіне де жаңа талаптар қойып, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту мен оқытудың заманауи тәсілдерін енгізудің маңызын арттыруда.