«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы аяқталды

Бүгін «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру
курсының кезекті тобы аяқталды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша
Кәсіби даму институтытының директор орынбасары Ақнұр Сейдалиева тыңдаушыларға
сертификат табыстап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Білім беру ұйымдарының математика пәні педагогтері қатысқан курс барысында
тыңдаушылар жеке қаржыны тиімді жоспарлау және басқару принциптерін меңгерді.
Қаржы өнімдері мен қызметтерінің негізгі түрлерімен танысып, оларды тиімді әрі
қауіпсіз пайдалану жолдарын үйренді. Алған білімдерін практикалық тапсырмалар
мен өмірлік жағдаяттар арқылы бекітті.
Курс тренері институттың аға оқытушысы Мырзаиым Сариева мен ҚР Ұлттық
банкінің мамандары жан-жақты мағлұмат
берді. Курс барысында педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған
заманауи оқыту әдістері, практикалық тапсырмалар, жағдаяттық талдау және
интерактивті тәсілдер кеңінен қолданылды. Қатысушылар күнделікті өмірде
кездесетін қаржылық мәселелерді талдап, тиімді шешім қабылдау дағдыларын
қалыптастыруға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, курстың басты мақсаты – жеке қаржыны басқару саласында
базалық білім беру, түрлі қаржы өнімдері мен қызметтерімен таныстыру, сондай-ақ
қаржылық шешімдер қабылдау үшін қажетті дағдыларды дамыту арқылы педагогтердің
қаржылық сауаттылығын арттыру.
Басқа жаңалықтар


«Кітап оқитын ұлт» – ортақ құндылық, игі бастама!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы «Кітап оқитын ұлт» акциясын қолдайды.

«ЖИ МЕКТЕПТЕ: ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Қазіргі таңда білім беру жүйесі қарқынды өзгерістер кезеңін бастан өткеруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектіні дамыту мен цифрлық трансформацияны еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. Бұл міндеттер білім беру жүйесіне де жаңа талаптар қойып, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту мен оқытудың заманауи тәсілдерін енгізудің маңызын арттыруда.