
«Ұстаз» ұлттық платформасы бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Шымкент қаласындағы кәсіби даму институты платформа бойынша техникалық және әдістемелік қолдауға бағытталған ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды. Шараға білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлер және білім саласының басқа да қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында «Ұстаз» платформасының мүмкіндіктері, жүйеге деректерді енгізу талаптары мен тәртібі жайлы жан-жақты бағыт-бағдар берілді. Сондай-ақ, педагогтердің жеке профилін дұрыс толтыру тәртібі…










