
Шабыт пен шеберлік
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының биылғы жылдық жоспарына сәйкес «Ұстаз-Creator: Шабыт пен шеберлік» облыстық байқауы өтеді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының биылғы жылдық жоспарына сәйкес «Ұстаз-Creator: Шабыт пен шеберлік» облыстық байқауы өтеді.

Білу керек маңызды қадамдармен таныс болыңыздар.

Бүгін «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының кезекті тобы басталды. Курс тренері – Сариева Мырзаиым Хасенқызы.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтында «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: Мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Информатика» біліктілікті арттыру курсы өтті.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен 23 қазан мен 15 желтоқсан аралығында Қоғам қызметкерлері арасында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясын өткізу жоспарланған болатын. Осы орайда бүгін Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институтында дөңгелек үстел өтті.

Бүгін 27 қазан – 6 қараша аралығына жоспарланған қысқамерзімді мемлекеттік бюджеттік курстар аяқталды.

Бүгін «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының кезекті топтары аяқталды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен Сайрам ауданында 27 қазан пен 6 қараша аралығында «Робототехника және STEAM: оқытудың заманауи тәсілдері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтуде.

Кентау қаласында орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Білім беру процесінде біртұтас тәрбие құндылықтарын іске асыру» тақырыбында 80 академиялық сағаттық біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтының жоспарына сәйкес 27 қазан мен 6 қараша аралығында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқу курсы өтуде. Курс жетекшісі – Махфуза Мусаева.

27 қазан мен 6 қараша аралығында Түркістан облысы, Кентау қаласында орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Инклюзивті білім беруді іске асыратын педагогтердің базалық құзыреттерін қалыптастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілуде. Онда жиырмадан астам педагог инклюзивті білім беру бағытындағы кәсіби білімдері мен тәжірибелерін жетілдіруде.

Қазіргі білім беру жүйесінде педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, жас мамандардың кәсіби қалыптасуына қолдау көрсету және педагогикалық тәжірибе алмасу мәдениетін дамыту – өзекті міндеттердің бірі. Осы бағытта «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтында 27 қазан мен 6 қараша аралығында біліктілікті арттыру курс өтуде. «Қазіргі мектепте тәлімгерлікті ұйымдастыру» тақырыбындағы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған курстың жетекшісі – Салтанат Жолшыбекова.