Бүгін «T&T – Теория және Тәжірибе: авторлық бағдарламалар алаңы» республикалық онлайн-конференциясы өтті. Бұл – шебер-ұстаздарға педагогикалық идеяларын жариялап, авторлық жобаларын қорғауға мүмкіндік беретін алаң.
12-23 қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен Сарыағаш ауданында «Бастауыш сыныптарда дербестендірілген оқытуға арналған цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект» тақырыбында педагогтардың біліктілігін арттыру курсы өтіп жатыр. Курсты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының аға тренері Махфуза Мусаева жүргізуде.
12-23 қазан аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының ұйымдастыруымен Сарыағаш ауданында математика пәні мұғалімдеріне «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Математика»» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтуде. Курс жетекшісі – Айгерим Тәңірбергенова.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институты платформа бойынша техникалық және әдістемелік қолдауға бағытталған ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды.
Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтында мемлекеттік тапсырыс аясында қысқамерзімді біліктілікті арттыру курстарының кезекті тобы өз жұмысын бастады.
«Өрлеу» БАҰО» Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтында 28 қыркүйек пен 9 қазан аралығында жоспарлаған біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды. Бұл жолы мемелкеттік тапсырыс аясында 32 білім беру бағдарламасы бойынша 793 педагог білімін жетілдірді. Олардың қатарында орта білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары, математика, физика, биология, ағылшын тілі, информатика, бастауыш сынып мұғалімдері, шағын жинақты мектеп педагогтері мен әдіскерлер бар.
«Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институтында орта білім беру ұйымдарының басшылары мен математика пәні педагогтеріне арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының кезекті тобы аяқталды.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалында кезекті кеңейтілген ғылыми кеңес отырыс өткізілді. Кеңес отырысы филиал директоры Нұржан Мәдірайұлы Нұрлыбаевтың төрағалығымен өтті.
Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» байқауының өңірлік кезеңінің жүлдегерлері марапатталды. Салтанатты жиында сөз алған филиал директоры Нұржан Нұрлыбаев өз сөзінде: – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен биыл сегізінші рет өткізілген республикалық байқаудың өңірлік кезеңі аяқталды. Биылғы панорама «Идеядан – нәтижеге, тәжірибеден – жаңашылдыққа» ұранымен…
Түркістан облысы, Сайрам ауданында 28 қыркүйек пен 9 қазан аралығында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «New approaches to the implementation of the State compulsory standard for education: from goals to expected learning outcomes «English language» тақырыбындағы курс өткізілді. Курс «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы…