Институт туралы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы
Тарих
1948 жыл
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Қаулысына сәйкес, Қазақ КСР-і Ағарту министрлігінің 1948 жылғы 10 ақпандағы ұсынысы бойынша облыстық халықтық білім беру бөлімі жанынан әдістемелік кабинет негізінде Шығыс Қазақстан мұғалімдер білімін жетілдіру Институты құрылды.
1978 жыл
Бүкілодақтық социалистік жарыстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты жеңімпаз болып танылды және КСРО ағарту министрлігімен Ауыспалы Қызыл тумен марапатталды.
1989 жыл
Шығыс Қазақстан облыстық шығармашылықпен жұмыс істейтін «Шығармашылық» мұғалімдер клубы коммуналдық әдістеме мәселесі бойынша кездесулер өткізеді. Кездесу мақсаты: коммуналдық әдістемені практикалық игеру, ынтымақтастық педагогикасы идеяларын зерттеу.
1996 жыл
Облыстық басқарманың 1996 жылғы 18 қыркүйектегі бұйрығымен институт базасында дамыта оқыту жүйесі бойынша облыстық эксперименттік алаң мәртебесі бар мектеп құрылды. Институт әдіскерлері балаларды бастауыш білім берудің іс-әрекеттік үлгідегі жүйесі бойынша оқытты. Екінші оқу жылында балалар Мәскеу қаласында бес оқу пәні бойынша халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары атанды.
1998 жыл
Білім департаментінің 1998 жылғы 03 ақпандағы №10-к бұйрығына сәйкес мұғалімдерді жетілдіру институты «Шығыс Қазақстан облыстық біліктілікті арттыру институты» болып өзгертілді.
1999 жыл
«Шығыс Қазақстан облыстық біліктілікті арттыру институты» Білім департаментінің №212 бұйрығына сәйкес «Шығыс Қазақстан білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» КМҚК болып қайта құрылды.
2001 жыл
2001 жылдың маусым айынан бастап «ШҚО педагогикалық жаршысы» атты журналдың алғашқы номері жарыққа шықты. 2001 жылдың наурыз айынан бастап, 16 жыл бойы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Экобиоцентр» ОИ-мен бірлесе отырып, «Экологиялық ағарту жүйесіндегі аймақтық компонент» атты ғылыми-практикалық конференция өткізеді, оған ПҚ БАИ қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, ШҚО экология басқармасының педагогтары мен қызметкерлері қатысты.
2006 жыл
Ресурстық орталық құрылды, оның негізгі мақсаты – уақыт сұраныстарына, мемлекеттік тапсырыс және білім беру ұйымдары мен педагог қызметкерлердің өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне жедел ден қою.
2009 жыл
Институт Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының “Шығыс Қазақстан облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты” РМҚК болып өзгертілді.
2016 жыл
Қазақстанның мектептік білім берудің басымдықтары инфрақұрылымдық даму және білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуге дайындық болды. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату жүзеге асырылуда. Орта білім берудің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңмен көшу үшін база дайындалды. Мемлекеттік бастауыш білім беру стандарты қабылданды. Республиканың 30 пилоттық мектептерінде, оның ішінде Өскемен қаласының №39 мектебінің екі бірінші сыныптарында және ШҚО Көкпекті ауданының Абай атындағы мектебінде жаңартылған оқу бағдарламаларын бейімдеу жүргізілуде.
2019 жыл
2019 жылдың 11 желтоқсанында “Өрлеу “біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ тарихында елеулі оқиға болды. Бұл күні “мұғалімдер үйінің”салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Институт құрылымы

Біздің оқытушылар
Директор блогы

Құрметті оқырмандар, блогқа қош келдіңіздер!
Директор блогы маған тікелей хабарласуға мүмкіндік береді. Мұнда сіз біліктілікті арттыру курстары мен білім беру саласына қатысты барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз. Мен сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге және кері байланыс орнатуға дайынмын!
Құрметпен, Жұманова Гаухар Сайлаубекқызы Шығыс Қазақстан облысы бойынша “Өрлеу” филиалының директоры

Бастауыш сынып пәндерін оқытудағы инклюзивті тәсілдер бойынша біліктілікті арттыру курсы аяқталды
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалында «Бастауыш сынып пәндерін оқытудағы инклюзивті тәсілдер: оқудағы қиындықтарды еңсеру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аяқталды.

Қаржылық сауаттылық негіздері бойынша біліктілікті арттыру курсы аяқталды
2026 жылғы 6 қарашада математика пәні мұғалімдері мен білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы 40 сағаттық біліктілікті арттыру курсы аяқталды.

«Өрлеу» филиалында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы басталды
6 қарашада «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалында «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы аясында алғашқы кітап оқу сессиясы өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзекті өзгерістер
17 қыркүйекте филиал қызметкерлеріне арналған «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы өзгерістер мен жаңалықтар» тақырыбында түсіндіру іс-шарасы өтті.

Мемлекет басшысының Жолдауы: ел дамуының басым бағыттары
28 қазанда «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының өзекті міндеттеріне арналған Жолдауын тыңдады.

«ҰСТАЗДЫҚ – ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ»: ҮЛКЕН МАМАНДЫҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Ұстаздар үйінде «Ұстаздық – жүрек қалауы» атты Ашық есік күні өтті. Іс-шара жас педагогтерді, тәжірибелі тәлімгерлерді және институт оқытушыларын бір ортаға жинап, кәсіби қарым-қатынас орнатуға, тәжірибе алмасуға және ұстаздар ұрпақтары арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.

Педагогтерге курстан кейінгі қолдау: кәсіби дамудың маңызды кезеңі
2026 жылғы 14 қазанда «Өрлеу» ШҚО бойынша филиалы педагогтерге курстан кейінгі қолдау көрсету мәселелеріне арналған түсіндіру вебинарын өткізді.

Халықаралық деңгейдегі жетістік: Динара Шаймахановаға PhD дәрежесі берілді
2026 жылғы 12 қазанда «Өрлеу» Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының ұжымы аға оқытушы Динара Садвакасовна Шаймаханованы ғылыми жолындағы маңызды жетістігі — философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен құттықтады!

«АДАЛ АЗАМАТ»: ҚҰНДЫЛЫҚТАРДАН НАҚТЫ ІСКЕ
2026 жылғы 9 қазанда Өскемен қаласындағы №40 жалпы орта білім беретін мектепте «Бастауыш сыныпта «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыруда ізденістер мен тәжірибелер» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шараны «Өрлеу» БАҰО Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты мен №40 мектеп бірлесіп ұйымдастырды. Семинарға өңірдің 50 педагогі қатысты.

АРДАҚТЫ ҰСТАЗҒА – ҚҰРМЕТ ПЕН АЛҒЫС
«Өрлеу» Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы педагогика саласының ардагері, кафедраның аға оқытушысы Асия Назыровна Касеневаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды!

Ұрпақтар сабақтастығы: «Өрлеуде» мерейтой иесі мен байқау жеңімпаздарына құрмет көрсетілді
1 қазанда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтында Галина Васильевна Протасованың 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті.

ҰЛТТЫҚ МҰРА – КЕЛЕШЕККЕ АМАНАТ
Шығыс Қазақстан облысының Ұстаздар үйінде «Ұлттық мұра және мұражай сабағы: оқушылардың тарихи-мәдени құзыреттілігін дамыту» тақырыбында облыстық семинар өтті.

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабының таныстырылымы
Шығыс Қазақстан облысының Ұстаздар үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабының таныстырылымы өтті.
Филиалдың байланыстары
Мекенжай
г. Усть-Каменогорск, ул. Киевская, 69














