Өрлеу

Филиал

Павлодар облысы бойынша Өрлеу

Институт туралы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Павлодар облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы

Сандар мен фактілер
64236
Оқытылған педагогтер
1498
Өткізілген курстар
37161
Курстан кейінгі қолдаумен қамтылған педагогтер
14
Шетелдік ұйымдармен жасалған меморандумдар мен ынтымақтастық туралы шарттар

Тарих

  • 1951 жыл 1 сәуір

    Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Павлодар облыстық білім басқармасында әдістемелік кабинет негізінде 15 қызметкері бар облыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру институты құрылды.

  • 1981 жыл

    Институт КСРО Білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталып, КСРО Қызыл Ту жалауын қолына алу мәртебесіне ие болды. Мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының тәжірибесі КСРО халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде көрсетіліп, күміс медальмен марапатталды.

  • 1986 жыл

    «Информатика» пәнінің енгізілуіне және мектептерді компьютерлендіруге байланысты информатика пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары басталды.

  • 1995-1998 жылдары

    Институт ОҰӘ (оқытудың ұжымдық әдісі; жетекшісі – М.А. Мкртчян) технологиясын енгізудің республикалық эксперименталды алаңына айналды. Облыстық педагог мамандардың біліктілігін арттыру институтында білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар орталығы құрылды.

  • 1999-2000 жылдары

    «Экономикалық білім негіздері» атты эксперименттік зерттеу алаңы ұйымдастырылды. Инсти­тутта облыстық білім мұражайы ашылды.

  • 2002 жыл

    «Павлодар облысының экономикалық географиясы», «Павлодар облысының физикалық географиясы» атты алғашқы электронды оқулықтар әзірленді.

  • 2012 жыл

    Институт филиал ретінде «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ құрамына кірді.

  • 2013 жыл

    Біліктілікті арттыру жүйесіндегі инновациялық білім беру жобаларының республикалық көрме-жәрмеңкесі өтті.

  • 2014 жыл

    «Арнайы және инклюзивті білім беру саласында оқыту әдістемесін жетілдіру» атты Республикалық семинар ұйымдастырылып өткізілді.

  • 2016-2019 жылдары

    «Үздіксіз білім беру университеті», мектеп директорларына арналған «Көшбасшылар клубы» қамтылған «Павлодар облысының мектептерінде ұжымдық оқытуды енгізудің әдіснамасы мен әдістемесі» жобасы жүзеге асты. «Тіл мүмкіндіктерінің мектебі», «Шексіз мүмкіндіктер аумағы», «Рухани жаңғырудың педагогикалық мағыналар аумағы» инновациялық жобаларын жүзеге асырды.

  • 2020 жыл

    Республика мектептерінде қашықтықтан оқытуды енгізу үшін цифрлық білім беру сабақтарының мазмұны әзірленді.

Институт құрылымы

Институт құрылымы

Біздің оқытушылар

Директор блогы

Ныгметова Бибигуль Джамбуловна

Құрметті оқырмандар, блогқа қош келдіңіздер!

Директор блогы маған тікелей хабарласуға мүмкіндік береді. Мұнда сіз біліктілікті арттыру курстары мен білім беру саласына қатысты барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз. Мен сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге және кері байланыс орнатуға дайынмын!

Құрметпен, Ныгметова Бибигуль Джамбуловна Павлодар облысы бойынша “Өрлеу” филиалының директоры

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨРЛЕУ — Өрлеу