Өрлеу

Филиал

Жамбыл облысы бойынша Өрлеу

Институт туралы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы

Сандар мен фактілер
43013
Оқытылған педагогтер
1784
Өткізілген курстар
22170
Курстан кейінгі қолдаумен қамтылған педагогтер
25
Шетелдік ұйымдармен жасалған меморандумдар мен ынтымақтастық туралы шарттар

Тарих

  • 1951 жыл

    Жамбыл облыстық мұғалімдерді жетілдіру институты құрылды

  • 1991 жыл

    Жамбыл облыстық мұғалімдерді жетілдіру институты білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты болып қайта аталды

  • 2005 жыл

    Жамбыл облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты «Жамбыл облысы педагог кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды

  • 2012 жыл

    Қайта құрылымдауға байланысты «Жамбыл облысы педагог кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Жамбыл облысы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» РМҚК болып қайта аталды.

  • Қараша 2012 жыл

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жамбыл облысының біліктілікті арттыру институты» РМҚК «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты болып қайта құрылды (Директорлар кеңесі отырысының 2012 жылғы 19 қыркүйектегі №1 хаттамасы). «БІЛІМ.KZ» республикалық педагогикалық журнал және «ЗАМАНУИ ҰСТАЗ» аймақтық педагогикалық газет шығарылады

  • Қазан 2019 жыл

    «ÓRLEÝ TYNYSY» республикалық педагогикалық журнал шығарылады.

Институт құрылымы

Институт құрылымы

Біздің оқытушылар

Директор блогы

Қожамжарова Ләтипа Сейдахметқызы

Құрметті оқырмандар, блогқа қош келдіңіздер!

Директор блогы маған тікелей хабарласуға мүмкіндік береді. Мұнда сіз біліктілікті арттыру курстары мен білім беру саласына қатысты барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз. Мен сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге және кері байланыс орнатуға дайынмын!

Құрметпен, Қожамжарова Ләтипа Сейдахметқызы Жамбыл облысы бойынша “Өрлеу” филиалының директоры

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨРЛЕУ — Өрлеу