
«ӨРЛЕУ» ТАМЫЗ КЕҢЕСІНДЕ: ПЕДАГОГТІҢ ЦИФРЛЫҚ ПРОФИЛІ – АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ
Астана қаласы педагогтерінің дәстүрлі басқосуы – кәсіби тәжірибе алмасуға, заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін талқылауға және жаңа оқу жылының маңызды міндеттерін айқындауға мүмкіндік беретін мазмұнды алаң. «Білім беру жүйесінің стратегиялық дамуы: Конституциялық құндылықтар, ЖИ және адами капитал» тақырыбындағы жиында құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісіне енгізу, жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану, адами капиталды дамыту және педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.










